Жас мамандарға арналған коучинг-сессия ұйымдастырылды.

Бүгін, 9 сәуір күні, Ш.Айманов атындағы № 20 мектебінде жас мамандарға арналған коучинг-сессия ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – жас педагогтердің кәсіби дамуына қолдау көрсету, әдістемелік тәжірибе алмасу және білім беру үрдісіндегі заманауи тәсілдермен таныстыру.
Коучинг барысында келесі тақырыптар қамтылды:
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттыру жолдары
Сабақты тиімді жоспарлау мен рефлексия жасау
Оқытудағы жаңартылған мазмұн ерекшеліктері
Оқушымен кері байланыс орнату әдістері
Коучингке жас мамандар белсенді қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті, сұрақтар қойып, практикалық жаттығулар орындады. Бұл іс-шара жас педагогтерге сенімділік беріп, кәсіби даму жолында тың серпін берді. Коучинг жетекшілері: қазақ тілі пәнінің мұғалімі Жунусова Ардақ Советовна, Жумадилов Юлат Казелович

Добавить комментарий