Мектеп қауіпсіздігі
Мектепте балалардың қауіпсіздігі қалай сақталады
Оқу орнының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Мектеп Қазақстан Республикасының заңнамасын, ҚР Үкіметінің қаулыларын, қалалық, ішкі нормативтік актілерді басшылыққа алады.
Мектепте «Жаңа жол»ЖШС келісім-шарты негізінде тәулік бойы күзет бекеті жұмыс істейді.
«Дабыл түймесі» орнатылған, оны басқан кезде апат сигналы дереу «СИГНАЛ»күзет агенттігіне түседі.
Бейнебақылау жүйесі орнатылған, тәулік бойы бейнежазба жүргізіледі (90 камера оның ішінде 72 камера ішінде, 18 камера сыртқы).
Мектептің барлық қабаттарында эвакуация жоспарлары орналастырылған, өрт сөндіргіштер бар.
Өрт дабылы жүйесі, яғни өрт туралы сигнал автоматты түрде өрт сөндіру пультіне түседі және өрт сөндіру бөлімі дереу мектепке барады. Мектеп алғашқы өрт сөндіру құралдарымен толық жабдықталған.
Оқушылардың мектепке кіруі турникеттер арқылы жүзеге асырылады.
Кешенді қауіпсіздік кабинеті ашылды
Мектепке кірген кезде күн сайын кезекші сыныптың әкімшісі мен сынып жетекшісі кезекшілік етеді. Оқушылардың ата-аналары белгіленген уақытта үзілістерде немесе сабақтан кейін жеке басын куәландыратын құжатты көрсетіп, мектеп директорының өткізу режимі туралы бұйрығы негізінде санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып мектепке жіберіледі. Күзет қызметкері және вахта келуші туралы деректерді тіркеу журналына енгізеді. Егер кез-келген адам жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсынудан және келудің мақсатын түсіндіруден бас тартса, мектепке кіруге тыйым салынады. Мектеп оқушылары сынып жетекшісінің немесе кезекші әкімшінің ерекше рұқсатынсыз оқу процесі кезінде ғимараттан шыға алмайды. Оқушылар мен педагогтардың қысылтаяң жағдайларда әрекет ету дағдыларын қалыптастыру үшін мектепте жол қозғалысы қауіпсіздігі, тіршілік қауіпсіздігі негіздері бойынша сабақтар, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша практикалық сабақтар, Төтенше жағдайлар кезінде мектептен эвакуациялау бойынша жаттығу сабақтары үнемі өткізіледі.
Директордың блогы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы
Астана қаласының білім бөлімі
Сенім телефоны