«Шәкен Айманов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ директоры, тарихпәнініңмұғалімі, Қоғамдықғылымдар және тарих академиясының академигі,ҚазақстанРеспубликасыпедагогикалықғылымдар академиясының толықмүшесі
Бимендин Булат Дусимбекович 1979 жылғы 6 тамызда Қостанай облысы, Науырзым ауданы, туылған.
2000 жылы Қостанай мемлекеттік университетін (қазіргі атауы - Ахмет Байтұрсынов атындағы университет) «Тарих» мамандығы бойынша тәмамдап, тарих пәнінің мұғалімі біліктілігі аталды. 2002 жылы тарих мамандығы бойынша күндізгі аспирантураға түсіп, 2006 жылы сәтті аяқтады.
2000 жылдан бастап педагогикалық қызметін Қостанай облысы, Константиновка ауылындағы орта мектепте бастады. Орта және жоғарғы білім беру жүйесіндеұзақжылдықтәжірибежинап, мұғалімненбастап білім беру ұйымыныңбасшылығынадейінгіжолданөтті.
Әр жылдары оқу-тәрбие, ғылыми-әдістемелік және басқарушылық қызметтер атқарып, заманауи педагогикалық технологиялар мен инновациялық тәсілдерді енгізді. Жоғарғы оқу орнында деканат пен кафедраны басқарған тәжірибесі бар, сондай-ақ әдістемелік кеңестің төрағасы қызметін атқарды. Кәсіби қызметінің басты мақсаты - білім беру ортасын дамыту, оқыту сапасын арттыру және оқушыларда берік академиялық және тәрбиелік құндылықтарды қалыптастыру.
2020 жылдан бастап Астана қаласындағы «Шәкен Айманов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектептің» директоры болып қызмет атқарады. Директор ретінде білім сапасын арттыруға, қауіпсіз және қолайлы оқу ортасын қамтамасыз етуге, педагогикалық кадрлардың кәсіби дамуына және оқушылардың жан-жақты, әлеуметтік жауапты тұлға болып қалыптасуына баса мән береді.
Бимендин Булат Дусимбекович «Үздік педагог» республикалық конкурсының (2017 жыл) жеңімпазы, 9 кітап пен 60-тан астам ғылыми мақаланың авторы, тарих пен білім беру мәселелері бойынша әдістемелік және зерттеу материалдарының авторы, кәсібипедагогикалық және ғылымиқауымдастықтардыңбелсендімүшесі.
Көптеген жылдар бойы педагогикалық ұжым, оқушылар және ата-аналар арасында лайықты беделгеие.
Пікірлер қосу