Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Астана қаласы әкімдігінің "Шәкен Айманов атындағы № 20 жалпы білім беретін орта мектеп" КММ
Жүгіру жолы
Астана қаласы әкімдігінің "Шәкен Айманов атындағы № 20 жалпы білім беретін орта мектеп" КММ
Бүгін мектебімізде педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, оқу-тәрбие үдерісінің сапасын жетілдіру және әдістемелік жұмысты жүйелі ұйымдастыру мақсатында ғылыми-әдістемелік отырыс өтті. Жиынды директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Нұрдыбек Құрметұлы ұйымдастырып, жүргізді. Отырысқа мектептің кафедра меңгерушілері қатысып, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Жиын барысында: педагогтердің кәсіби дамуы мен шығармашылық ізденісін қолдау; озық педагогикалық тәжірибені тарату; заманауи оқыту әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану; әдістемелік жұмысты жүйелеу; білім сапасын арттыруға бағытталған жұмыстарды жетілдіру мәселелері қарастырылды. Кафедралардың өзара тәжірибе алмасуы мен бірлескен ізденісі — сапалы білім мен нәтижелі жұмыстың маңызды негізі. Бүгінгі отырыс алдағы оқу жылындағы ғылыми-әдістемелік жұмыстың басым бағыттарын айқындап, педагогикалық ұжымның кәсіби дамуына жаңа серпін берді. Ізденіс бар жерде — даму бар. Даму бар жерде — сапа бар. Ал сапалы білім — жарқын болашақтың берік негізі!