“Ерлік – ұрпаққа мұра”
Мақсаты: жас ұрпаққа Отанды сүю, елге қызмет ету, батырлық пен патриотизмнің маңызын түсіндіру.
Іс-шарамызға арнайы қонақтар қатысты:
Ауған соғысының ардагері – Қабиев Сембек Мажитұлы
Астана қаласы «Жас Сарбаз» орталығы басшысының орынбасары – Самархан Олжас
Қонақтарымыз оқушыларға өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, Отан алдындағы борыш, ерлік, елге қызмет ету және патриоттық тәрбие туралы тағылымды әңгімелер айтты.
Осындай кездесулер – жас ұрпақтың бойына елжандылық пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастырып, тарихымызды құрметтеуге тәрбиелейтін маңызды сабақ.
Ерлік – елге мұра, ұрпаққа өнеге!