Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Астана қаласы әкімдігінің "Шәкен Айманов атындағы № 20 жалпы білім беретін орта мектеп" КММ
Жүгіру жолы
Астана қаласы әкімдігінің "Шәкен Айманов атындағы № 20 жалпы білім беретін орта мектеп" КММ
Мектебіміздің оқушылары қазақстандық журналист, диктор және радиожүргізуші Жасұлан Жүрсінұлымен жүздесіп, мазмұнды сұхбат құрып, көкейлеріндегі сауалдарына жауап алды. Кездесу барысында Жасұлан Жүрсінұлы журналистика әлемі, сөз құдіреті, кітап оқу, ізденіс пен білімнің адам өміріндегі маңызы туралы әсерлі әңгімелерімен бөлісті. Жастарға өз тәжірибесінен сыр шертіп, арманға адал болуға, үнемі ізденуге, уақытты бағалап, білімге ұмтылуға үндеді. Еркін форматтағы сұхбат оқушылардың қызығушылығын оятып, ой-өрісін кеңейтіп, үлкен өмірге деген сенімін нығайтты. Әрбір айтылған сөз – жас жүрекке бағыт-бағдар берер өнеге, әрбір әңгіме – болашаққа бастар бір қадам болды. Кездесу соңында қадірлі қонағымыз оқушыларға сыйлық ретінде кітаптарын табыстап, кітаптың адам өміріндегі ерекше орнын тағы бір мәрте айшықтады. Осындай тағылымды жүздесулер – жас ұрпақтың рухани дүниесін байытып, білімге, өнерге, әдебиетке деген қызығушылығын арттыратыны сөзсіз. Жас ұрпаққа жол сілтер жақсы сөз, жүрекке із қалдырар жақсы кездесу көп болсын!