Бүгін 8-сынып оқушыларымен және ата-аналарымен кеңейтілген жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында оқушылар мен ата-аналарға құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша ақпарат берілді. Сонымен қатар, жиналысқа полиция инспекторлары да қатысты. Мамилянов К. – аға учаскелік инспектор, полиция майоры, және полиция аға лейтенанты Ибрахым А.М. өз сөздерінде құқықбұзушылықтың алдын алу, балалардың қауіпсіздігі мен заң талаптары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.